Оралда шаңғы маусымының ашылуы Шаған өзенінің оң жағалауында өтті

Оралда шаңғы маусымының ашылуы Шаған өзенінің оң жағалауында өтті

Бұл күнді шаңғыны кәсіби деңгейде тебетіндер де, әуесқой спортшылар да асыға күтті. Қалада шаңғы тебу маусымының ашылуы Шаған өзенінің оң жағалауында өтті.

Таза ауада белсенді демалуды ұнататын оралдықтарды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров шаңғы тебу маусымының ашылуымен құттықтады. Шараға қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шергалиев, Орал спорт клубының директоры Есқабыл Жалмурзиев және салауатты өмір салтын ұстанатын түрлі жастағы қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты рәсімнен соң, жаңа маусымның ашылуына жиналғандар шаңғы тепті. Шараға ниет білдіргеннің бәрі қатысты. Спорттық жарыс болмаса да, алғашқы болып мәреге жеткен 8 қатысушыға облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.