198 Орал тұрғыны жаңа пәтерлердің кілттерін алды

198 Орал тұрғыны жаңа пәтерлердің кілттерін алды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында 198 Орал тұрғыны көптен күткен баспанаға ие болды. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыс етті.
- Қымбатты отандастар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін осы оқиғаның құрметіне сіздерге керемет қуаныш сыйлаймыз . Бұл да символдық мағынаға ие. Өйткені, "Нұрлы жер" МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ - Тұңғыш Президенттің тікелей бастамасы, - деді БҚО әкімі Ғали Нәжімеденұлы.
Тоғыз қабатты көппәтерлі үйде 198 пәтер бар, оның мердігері "Болашақ-Т"ЖШС болып табылады. Үй көп балалы отбасыларға және азаматтардың басқа санаттарына арналған. ҚР "тұрғын үй құрылысы туралы" Заңының талаптарына сәйкес жалға берілетін тұрғын үй 11 санат бойынша берілді.