Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков Ақтау қаласындағы Әзірбайжан Республикасының Бас консулдығының басшысы Эльмар Маммадовты қабылдады

Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков Ақтау қаласындағы Әзірбайжан Республикасының Бас консулдығының басшысы Эльмар Маммадовты қабылдады


Кездесуде инвестициялық жобалар және Орал қаласының әкімдігі мен Менгичивир қаласы (Әзірбайжан Республикасы) арасындағы бауырластық қатынастар меморандумын дайындау мәселелерін талқылады.

Қала әкімі Абат Абайұлы Эльмар мырзаның сапарына және қос мемлекет арасындағы қарым-қатынастың нығаюына ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Консул шаһар басшысына жоғары құрмет көрсеткені үшін алғыс айтты