Оралда 2020-2021 жылғы қысқы маусымда алаңдарда мұз құю жұмыстары басталды. 1 желтоқсанға дейін мұз айдындарын ашу жоспарлануда

Оралда 2020-2021 жылғы қысқы маусымда алаңдарда мұз құю жұмыстары басталды. 1 желтоқсанға дейін мұз айдындарын ашу жоспарлануда

Орал қаласында 2020-2021 жылдың қысқы маусымында алаңдарға мұз құю жұмыстары басталды. 1 желтоқсанға дейін «Орал» спорт клубы, «Жастар», «Стеновик» стадиондары, Шаған өзенінің оң жағалауы, қалалық мәдениет және демалыс саябағы, «Мұз айдыны» спорт сарайы маңында және Салық комитеті жанындағы бассейнде мұз айдындарын ашу жоспарлануда.

Сондай-ақ желтоқсан айынан бастап Матросов көшесі 52, 54, 5 ш/а 5,7 үй, 6 ш/а 66 үй, Құрылысшы ш/а 43, Ларин көшесі 10, Назарбаев даңғылы 203, Құрманғазы көшесі 150, Ихсанов көшесі 87, Балауша ш/а, Қалменов, Жұмыр-Қылыш көшесі, Құс фабрикасы ауданы, Тұңғыш Президент алаңы, М.Мөңкеұлы көшесіндегі тынымбақ, «Атамекен», «Самал», «Светлячок» және «Еуразия» туристік орталықтарында, қаладағы орта білім беру ұйымдарында мұз алаңдары жасақталады.