
Кешеден жауған ақ ұлпа қала көшелерін ақ кілемге айналдырды. Шаһарды қардан тазарту үшін коммуналдық қызметтер белсенді жұмыс жасауда. Тәулік бойы күрелген қар полигонга шығарылады. Бүгін күндіз 920 метр куб қар тазаланды.
Қала басшысы коммуналдық қызметтерге қарды уақытылы тазалау әрі шығару мәселелері бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды.