
Кездесуде қала басшысы Орал «Зенит» зауытының өңіріміздің өркендеуіне елеулі үлес қосып жатқанын атап өтті.
– Бүгін «Nur Otan» партиясының ХХ съезі өтті. Осыдан кейін алғашқы болып сіздермен кездесіп отырмыз. Орал «Зенит зауыты» қаламыздың қорғаныстық-өнеркәсіптік әлеуетін дамытуда алдыңғы орында келеді. Сіздің зауытпен қала әкімдігі бірлесе дайындаған әлеуметтік жобаларда жетерлік. Біз қаламызда шығарылатын өніммен қашанда мақтануымыз керек. Жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында еліміздің судағы шекарасын қорғау үшін кеме дайындайсыздар. Сіздер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай «Полуторка» автокөлігін қалпына келтіріп, қала күнінде «Катюша» көлігін сыйға тарттыңыздар. Бұл – мақтанып айтуға болатын, үлкен еңбекті қажет ететін жұмыс. Қазіргі таңда зауытта 800-ден аса қызметкер бар. Осы бағытта сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізге құлақ асып, болашақта жемісті жұмыс атқарамыз деген ойдамын, – деді Абат Абайұлы.
Шара барысында шаһар басшысы ұжым мүшелерінің ұсыныстарына құлақ асып, жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екендігін жеткізді.
1 дн.