Қала әкімі Абат Шыныбеков азаматтарды онлайн форматта қабылдады.

Қала әкімі Абат Шыныбеков азаматтарды онлайн форматта қабылдады.

Тұрғындар қабылдауда кезекпен тұрғын үйге қол жеткізу және материалдық көмек алу мәселелерін көтерді. Шаһар басшысы айтылған мәселелер қолданыстағы заң аясында қаралып, осының негізінде көмек көрсетілетінін алға тартты. Бұдан бөлек, қала басшысы мен құзырлы бөлім мамандары қабылдауға жазылған азаматтарға тұрғын үйге қол жеткізуге мүмкіндік беретін бағдарламалар мен әлеуметтік көмек алу тәртібі туралы түсіндіріп өтті.

Еске сала кетейік, қала әкімінің онлайн қабылдауына 51-28-86 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады.