
Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – мейірім мен жанашырлықты, қайырымдылық пен ізгілікті дәріптейтін, адамдарды татулық пен бірлікке үндейтін ерекше мейрам. Бұл күндері халқымыз үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, адамгершілік құндылықтарды ұлықтайды.
Берекелі мереке қоғамдағы өзара сыйластық пен ынтымақты нығайтып, рухани құндылықтардың маңызын айшықтай түседі. Еліміздің бірлігі мен тыныштығы, халқымыздың амандығы мен татулығы – баршамыз үшін ең қымбат құндылық.
Осы қасиетті күндері әр шаңыраққа бақ-береке, амандық пен молшылық тілеймін!
Құрбан айт қабыл болсын!
Орал қаласы әкімі М.Байменов