Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қаржыгерлерді Ұлттық валюта күнімен құттықтады.

Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қаржыгерлерді Ұлттық валюта күнімен құттықтады.

Осыдан 27 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті "Ұлттық валюта енгізу туралы" жарлыққа қол қойды. Содан бері төл теңгеміз еліміздің экономикасының алға өркендеуіне қызмет етіп келеді.

Қала әкімі Абат Абайұлы сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, қаржылық қызметте тұрақтылық пен еңбектеріне жеміс тіледі.

- Жыл сайын елімізде 15 қараша - ұлттық валюта күні және Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі. Ел экономикасының дамуы жолында жетістіктерге жетуіне, тәжірбиелі, жоғары білікті мамандар қызмет етіп, қаламыздың қаржы саласының дамуында зор еңбек сіңіріп келеді. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! - деді.

Шара барысында Ұлттық валюта күніне орай, Орал қаласының әкімдігінің құрылымдық бөлімдері және кент әкімдіктерінің қаржы мамандары алғыс хаттармен марапатталды.