
Асхат КУЛЬБАЕВ
Орал қаласы әкімінің орынбасары
Перевалочный тоғайын орман қоры жерінен қала жеріне ауыстыру рәсімі ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1362 қаулысымен бекітілген қаланы дамытудың бас жоспарына сәйкес, Орал қаласының әкімдігімен бастамашылық етілді.
Бас жоспарда Орал қаласы – дамудың болжамды кезеңіне облыстық маңызы бар ірі қала, Батыс Қазақстан облысының экономикалық және мәдени орталығы, ірі өнеркәсіптік экспортқа бағдарланған, ғылыми-инновациялық, өңіраралық орталық, Қазақстанның батыс өңірінің инженерлік-көліктік логистикалық торабы ретінде қаралады.
Перевалочный тоғайын орман қорынан қала жеріне ауыстыру, бұл жобалық-іздестіру жұмыстарын бастауға және кейіннен жол мен саябақ аймағының құрылысына мүмкіндік береді.