
Қаулыға сәйкес 7 қарашадан бастап, жеке автокөліктердің сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін себепсіз жүруіне тыйым салынады.
Көрсетілген уақытта тек жедел жәрдем, авариялық қызметтердің көліктері, коммуналдық қызмет автокөліктері, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс жасайтын тұлғалардың автокөлікте жүруіне және аса қажет болған жағдайларда дәріханалардан дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу мақсатында шыққан, шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге бара жатқан автөкөліктерге жүруге рұқсат етіледі.
Жеке және заңды тұлғалар басқа да дәлелді себептер бойынша сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін автокөлікпен жүру қажет болған жағдайда «http://www.STOPCOVID.KZ» сайтында тіркелуі қажет немесе "109" телефон нөміріне өтініш хабарлама қалдыра алады.