Жақында Орал қаласының қоғамдық көлігінде еріктілердің аймақтық штабының ұйымдастыруымен "Маска тағайық" акциясы өтті.
- Акцияның негізгі мақсаты-Батыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігерінің №33 бұйрығына сәйкес, 10 қарашадан бастап аурудың өсуіне байланысты облыста бетперде кимеген азаматтарға 83 340 теңге көлемінде айыппұл салынады. Сондай – ақ біз халықты антисептиктерді жиі қолдануға шақырдық, - деді БҚО жастар саясаты басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұрхат Ораш.
Акцияға облыстың 40 еріктісі қатысып, 3 мың бір реттік маска таратып, автобус аялдамалары мен қоғамдық көліктерде Маска болмағаны үшін айыппұлдар туралы ақпараттық буклеттер орнатты.