
Орал қаласы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, ҚР БП ҚСжАЕК БҚО бойынша басқарма бастығы аға әділет кеңесшісі, БҚО әкімдігі жанындағы әйелдер ісі жөніндегі комиссиясының мүшесі Ж.Нұрмағанбетова және «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Салиева, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Галиев «Отбасы» орталығына келіп, орталықтың жұмысымен танысты. Кездесу барысында орталық меңгерушісі М.Жанбузова орталықтың жұмысымен таныстырып, алда бірлесіп жұмыс жасау туралы ұсыныс айтты.