Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

Осы хабарлама арқылы 2025 жылғы 18 желтоқсаннан бастап Орал қаласының Әкімшілік полициясымен келісу негізінде, көлік кептелістерінің күнделікті орын алуы, жол-көлік оқиғаларының жиілеуі және апатты жағдайлардың туындауына байланысты Коняхин көшесінің Самал көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейінгі жол учаскесінде қозғалыс бағытын екіжақты қозғалыстан біржақты қозғалысқа ауыстыру туралы шешім қабылданғанын хабарлаймыз.

Коняхин көшесіне кіреберіс Тәуелсіздік көшесі жағынан Самал көшесіне қарай жүзеге асырылады, ал одан әрі қозғалыс екіжақты болып қала береді.

Сонымен қатар, №37 орта мектеп маңындағы жол учаскесінде де біржақты қозғалыс енгізіледі. Атап айтқанда, Самал көшесінен 72/1 үйге дейінгі аралықта көлік қозғалысы біржақты болады, ал 72/1 үйден Тәуелсіздік көшесіне дейінгі бөлікте қозғалыс екіжақты режимде сақталады.

Автокөлік иелерінен орнатылған жол белгілерін басшылыққа алып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.