
Тәуелсіздік — ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы, бүгінгі ұрпаққа аманат еткен ең қастерлі құндылық. Бұл мереке ел бірлігін, ұлттық рухты және ортақ жауапкершілікті айқындайды. Бүгінде тәуелсіз Қазақстан тұрақты даму жолымен алға басып келеді.
Береке-бірлігіміз бекем болып, туған қаламыз өркендеп, ел игілігі жолындағы жұмыстарымыз жалғасын таба берсін. Әр шаңырақта тыныштық, молшылық пен сенім орнасын.
Баршаңызға бақ-береке және жарқын болашақ тілеймін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болсын!