
Бүгін қала әкімінің төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасына арналған қалалық ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Жиында қала аумағындағы құқық тәртібінің жай-күйі қаралып, Зачаган, Круглоозерный, Желаев және Деркөл кентінің әкімдері баяндама жасады.Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыланып, тиісті органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Комиссия жұмысының негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алуды жүйелі түрде жүргізу және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту.
Жиын соңында ұсыныстар қаралып, шешімдер қабылданды.