ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ – ЕРЛІК ПЕН АДАЛ ҚЫЗМЕТТІҢ МЕРЕКЕСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ – ЕРЛІК ПЕН АДАЛ ҚЫЗМЕТТІҢ МЕРЕКЕСІ

Бүгін Орал қаласы әкімдігінде Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл мереке – ел қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген батыл да ержүрек мамандардың кәсіби мерекесі.

Биыл Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар қызметі құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай қала әкімдігінде өткен шарада төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері мен ардагерлері марапатталып, олардың еңбегі лайықты бағаланды.

Салтанатты жиында Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов сөз сөйлеп, құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады.

«Бүгінде бұл сала халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауда аса маңызды рөл атқарып келеді. Қала әкімдігі төтенше жағдайлар қызметін қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Абай және Назарбаев даңғылдарының қиылысында «Құтқарушылар аллеясы» бой көтеруде. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін материалдық-техникалық қолдау шаралары қолға алынған.
Құрметті құтқарушылар! Ел қауіпсіздігі жолындағы ерлік пен ерен еңбектеріңізге зор ризашылық білдіремін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!», - деді шаһар басшысы.

Шара барысында үздік қызметкерлерге қала әкімінің және Төтенше жағдайлар басқармасы басшысының Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Мерекелік жиын әсерлі концерттік бағдарлама және естелік фотоға түсумен қорытындыланды.