Кәсіподақ төрағасы Серік Сүлеймен қала әкімі Абат Абайұлына Қоғамдық Бірлестіктің "кәсіподақ қайраткері" медалін тапсырды

Кәсіподақ төрағасы Серік Сүлеймен қала әкімі Абат Абайұлына Қоғамдық Бірлестіктің "кәсіподақ қайраткері" медалін тапсырды

«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Серік Сүлеймен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлын 10 қазан – Кәсіподақтар күні мейрамымен арнайы келіп құттықтады.
Кәсіподақ төрағасы Серік Сүлеймен қала әкімі Абат Абайұлының 25 жыл кәсіподақ ұйымының мүшесі ретінде кәсіподақ қозғалысын дамытуға зор үлес қосқанын атап өтті.
С.Сүлеймен кәсіподақ ұйымдарын құруға белсене қатысқаны үшін Абат Абайұлына «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық Кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподақ қайраткері» медалін табыс етті.