
"Жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге əлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" КММ-нің үйде арнаулы əлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі қызмет алушы балаларға Алтын күзге байланысты мəдени-мерекелік шара өткізді.
Мақсаты: Балаларды табиғаттың тамаша күзгі көрінісімен таныстыру. Баланың ортаға тартылып, айналасына бейімделуі. Ата-анамен тығыз қарым-қатынас қалыптастыру.
Зал мерекеге сай безендірілген. Күздің кереметі-дəнді-дақылдар мен жеміс-жидектер жəне көкөністен дайындалған кішігірім көрме ұйымдастырылды. Ата-ана мен əлеуметтік қызметкердің ықпал етуімен жасалған балалардың қолөнер бұйымдары көз қуантарлық.
Мерекенің басты қонағы алтын-сары жапырақтармен көмкеріліп безендірілген Күз ханшайымымен ортада əн салып, би билеген балалар демеуші Ф.Бағдатұлының өз қолымен ұсынған дəруменге бай,жеміс толы себетін арқалап, үйлеріне мерекелік көңіл-күймен тарқасты.