Қарияларға құрмет көрсетіледі

Қарияларға құрмет көрсетіледі

1 қазан — халықаралық қарттар күні. Бүгін қала әкімі Мұрат Байменов ардагерлерді төл мерекелерімен құттықтады.

—Қария – елдің қазынасы, шаңырақтың шамшырағы, отбасының тірегі. Сіздердің өмір жолдарыңыз – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Өмір бойы жинаған тәжірибелеріңіз бен даналық сөздеріңіз біз үшін баға жетпес мұра. Қаламыздың бүгінгі бейнесі, халқымыздың тыныштығы мен бірлігі – өздеріңіз салып кеткен сара жолдың жемісі. Өмір бойы елге адал еңбек етіп, кейінгіге өшпес өнеге қалдырғандарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін, — деді шаһар басшысы.

Шараға еңбек ардагерлері, қаланың құрметті азаматтары қатысты. Олар қала әкіміне құрметі үшін ризашылықтарын жеткізіп, баршаға бейбіт те берекелі өмір тіледі.

Қазыналы қарияларға арнап мерекелік дастархан жайылып, қалалық көркемөнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.