
Ұстаздар күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласына қосқан елеулі үлесі және ерекше еңбегі үшін бір топ ұстазға мемлекеттік награда табыстады.
Биыл мемлекеттік марапаттарға тек мектеп мұғалімдері емес, сонымен бірге техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагогтері, педагогика саласының ардагерлері де бар.
Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер де марапатқа ие болды.
Олардың арасында батысқазақстандық ұстаздар да бар.
«№ 35 мектеп-лицейдің» мұғалімі Сәлима Әлиева «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ тәрбиеші-анасы Шынар Хамзина бар.