Хабарландыру

Хабарландыру

«Орал қаласында «Сити Центр» СОО ауданындағы ТК-10-ға дейінгі ЖЭО коллекторынан басталатын ТМ-2 жылу магистралін реконструкциялау» жобасы аясында А. Черекаев көшесі арқылы өтетін жылу трассасына арналған металл конструкцияларын (фермалар) монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыстардың көлемінің артуына байланысты көлік қозғалысына енгізілген шектеулердің мерзімі ұзартылды.

Осыған сәйкес, 2025 жылғы 27 қыркүйек сағат 08:00-ден 28 қыркүйек сағат 20:00-ге дейін Тайқазан көшесінің қиылысынан Шығыс көшесінің қиылысына дейінгі аралықта барлық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Аталған учаскені айналып өту Абай даңғылы арқылы жүзеге асырылады.