
🗓️Бүгін облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Орал қаласының әкімі Байменов Мұрат Болатұлы тұрғындарды қабылдады.
✅Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын-үй, әлеуметтік бағыттағы, жеке тұрғын-үйлер аумағындағы бөлініс мәселелеріне қатысты, денсаулық мәселесіне қатысты, сонымен қатар көппәтерлі үйлер аумағындағы көлік тұрақтары мәселесіне қатысты сұрақтарымен келді.
✅Қабылдауға келген тұрғындарға заңнамалық тұрғыда түсінік берілді. Оған қоса жауапты өкілеттік мекемелер өкілдеріне мәселелерді шешу бағытында тапсырмалар берілді.