
Бүгін Орал қаласының әкімі А. А. Шыныбековтың төрағалығымен
"Орал қаласында мүсіндер мен муралдарды орналастыру" бойынша кеңес өтті.
Кеңес барысында келесі мәселелер талқыланды :
1) Орал қаласы әкімінің жанынан көркемдік кеңес құру.
2) Муралдарды келісу мәселелері
3) Мүсіндерді келісу мәселелері
Қорытынды бойынша қала тұжырымдамасына және муралдарды орналастыруға қатысты тиісті шешімдер қабылданды, сондай-ақ кеңеске қатысушылардың ұсынылған идеялары назарға алынды.
Кеңеске суретшілер, педагогтар, жобалау ұйымдарын басқаратын тұлғалар қатысты.
Төрағалық етуші тұлға:
А. Е. Көлбаев қала әкімінің орынбасары
Қосымша баяндамаушылар:
Т.Р Шакиржанов -БҚО әкімінің сәулет-қала құрылысы саласындағы кеңесшісі.
М.Т Бердіғалиев - "Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі"ММ басшысы.
Б.Т Түстікбай - Қала әкімінің кенесшісі