Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков азаматтарды онлайн форматта қабылдады.
Азаматтар тұрғын үй және жер мәселесі бойынша және т. б. сұрақтарын қойды. Қала әкімі онлайн қабылдауда тиісті бөлім мамандарын қашықтан қатыстыра отырып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Алдағы уақытта онлайн қабылдау жалғасатын болады.