
Орал қаласы әкімінің ұсынысымен, қалалық мәслихаттың шешімімен түрлі салада табысты еңбек еткен азаматтарға қаланың құрметті азаматы атағы берілді.
Биылғы жылы бұл атаққа домбыра тартудың хас шебері, "Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық академиясының құрметті профессоры"', домбыра жасаушы шебер Едіге Нәбиев, корей этномәдени қоғамын құрушы, 1970 жылдары Оралдың барлық орталық көшелерінің асфальтталып, 430 шақырым Чапаев-Жаңақала-Сайқын автожолының салынуына үлес қосқан Григорий Тё, "Білім беру ісінің үздігі" Светлана Бисембаева, "Квант" ЖШС басшысы Михаил Пшеничный және "Кублей" ЖШС басшысы Талғат Берекешов лайық деп танылды.
Салтанатты шара қала өнерпаздарының концерттік нөмірімен жалғасты.