
Медициналық орталықтың ашылу салтанатына Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қатысып, орталық жұмысына сәттілік тіледі.Қала әкімі осы орталықтың тұрғындар үшін сапалы медициналық қызмет алуға оңды әсер ететінін жеткізді.
"BIOS" - қаламызда ашылған үшінші гемодиализ орталығы. Орталық созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастар үшін тегін қызмет көрсетеді.Емделушілер аптасына кемінде үш рет 4 сағаттық ем алады.
Мұнда ем алушылардың қаны арнайы сүзгіден өтіп, тазартылады.Диализ залы заманауи медициналық қондырғылармен жабдықталған.
"BIOS" ЖШС 2000 жылдан бастап науқастарға диализ қызметін көрсетумен айналысып келеді.