
Қалалық мәдениет және демалыс саябағының 180 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар 25 қыркүйек күні сағат 18.00-де өтеді. Осы іс-шаралар аясында 180 жыл бұрын отырғызылған саябақтың ең көне еменіне арналған ескерткіш тақтаның ашылуы өтеді, сонымен қатар қонақтар мен қала тұрғындары біздің саябақтың тарихы туралы ашық аспан астындағы бейнесюжетті көре алады. Сонымен қатар, саябақта танымал фотограф, биолог Михаил Шпигельманның фотокөрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, "Алаш" этно-фольклорлық ансамблі мен қалалық скрипкашылар ансамблі өнер көрсетеді.