Меню

Страницы

Статья

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Батыс қазақстан облысы

Орал қаласы аумақтық сайлау  комиссиясының

2026 жылғы 13 қазандағы №36      қаулысына қосымша

 

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

 Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының

кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

 

1. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірмей

                 (14-б. 6) т., 22-б.)

 

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                        

 

Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)                   

 

          3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                  

 

Орал қаласының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2026 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

        

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2026 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

 

 

 

 

 

 

5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы

2026 жылғы 14 қазанда басталады және 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады

(103-б)

 

6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

Округтік сайлау комиссиялары

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына                  2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Тіркелгенге дейін

                                                                               (104-б. 2-т.)

 

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиялары

2026 жылғы 14 қазанда басталады және 1 қарашада сағат 18:00-де аяқталады

                                                       (104-б.)

 

         9. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған немесе аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

                                                                             (104-б. 5-т.)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиялары

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                          (104-б. 6-т. 1-тт, 6-1-т. 1-тт.)

 

11. Кандидаттардың ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

 

Округтік сайлау комиссиялары

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

 (14-б , 8-тт.), 16-1-т. 6-тт.,  31-б.)

 

12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияланған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің анықтығын  тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                        

 (104-б. 2-т.)

 

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу   

 

 

Округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

Кандидат, партиялық тізім тіркелгеннен кейін  

                                                                               (34-б. 6-т.)

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                               

 

Округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

Айына екі рет

 

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

                                

 

 

 

 

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аумақтық

сайлау комиссиялары

Үгіт басталғанға дейін, 2026 жылғы 1 қарашаға дейін

                                                                                 (28-б. 6-т.)

 

 

 

 

 

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу                                                                                                          

 

 

Кандидаттарды мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2026 жылғы 1 қарашадасағат 18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 28 қарашаданөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

          17. Кандидаттарға (жүгінген кезде)  сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аумақтық сайлау комиссиялары 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                                 (28-б. 4-т.)

 

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                    

 

Орал қаласының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2026 жылғы 8 қараша

(26-1 б. 1-т.)

     

 

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін өздері туралы деректермен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

 

                            

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда

2026 жылғы 13 қарашаданбастап

                                                                  (26-б. 1-т.)

 

         20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                             

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 18 қарашағадейін  

                                                             (18-б. 5) т., 38-б., 2-т.)

 

         21.Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 18 қарашаға дейін      

(38-б. 1-т., 3-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2026 жылғы 26 қарашаданерте емес және                              28 қарашағадейін

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

 

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 

дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,  сағат 0700-ден 2000-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Егер дауыс беру уақыты өзгермесе, сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау уақыты санау  басталған кезден бастап 12 сағаттан аспауға тиіс

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті жоғары тұрған сайлау комиссияларына ұсыну                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

28. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

 

 

29. Мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгілеу                        

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткен күннен кейін екі  күндік мерзімнен кешіктірмей                                                                                                                                                

2026 жылғы 30 қарашаданкешіктірмей

(14-б.  9) т, 44-б. 2-т., 108-б., 3-т)

 

30. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей                                                                                                                                                

2026 жылғы 3 желтоқсаннанкешіктірмей

                                                                (111-б. 1-т.)

 

31. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау қорытындылары  туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2026 жылғы 5 желтоқсаннанкешіктірмей

(14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

 

32.  Сайланған мәслихаттар депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен төсбелгі тапсыру                                          

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

 (14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)                

 

33. Тиісті сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру

 

 

 

 

 

Кандидаттар - Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен

кешіктірмей

(34-б. 9-т.)

 

 

 

         

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
14 октября 2026
Дата обновления
14 октября 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға арналған сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдары мен ақпарат орналастыру қызметтерінің бағалары туралы ақпараттық хабарлама
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттырын кезектен тыс сайлауға кандидаттарға үгіт материалдары мен сайлау алдындағы ақпаратты орналастыру және өндіру бойынша қызметтер көрсетуге арналған бағалары туралы ХАБАРЛАМА Пульс
20 октября 2026
Орал қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары мен орналасқан жері туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы