Меню

Страницы

Статья

Орал қаласы әкімінің «Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы


Орал қаласы әкімінің «Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Орал қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Орал қаласы әкімінің «Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы»2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 34 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5458 тіркелген), келесі өзгеріс енгізілсін:

 № № 248, 216, 401, 403, 522 сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес өзгертілсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Орал қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Орал қаласының әкімі

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛIСIЛДI»

Орал қалалық

аумақтық сайлау комиссиясының

төрағасы М. Давлетжанов

00.00.2026 жыл

 

 

 

 

 

 

Орал қаласы әкімінің
2026 жылғы "___" ______
№ _____шешіміне
қосымша

 

 

 

 

Орал қаласы әкімінің
2018 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 34 шешіміне
1-қосымша

 

Орналасқан жерлері мен шекаралары өзгертілетін № 248, 216, 401, 403, 522

 

  1. № 248 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Зачаган кентi, Жәңгірхан көшесі, 67Н үй, Орал қаласының білім беру бөлімінің «№ 53 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Жайық өзені арқылы өтетін көпірге апаратын жолдан Жәңгір хан көшесімен Сарыарқа көшесіне дейін, Сарыарқа көшесінің бойымен «Зачаган» бағбандық бірлестігінің шығыс шекарасына дейін, «Зачаган» бағбандық бірлестігінің шығыс шекарасымен Ақжайық көшесіне дейін, Ақжайық көшесінің бойымен (тақ жағы) Жәңгір хан көшесіне дейін.

 

  1. № 216 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Зачаган кентi, Жәңгірхан көшесі, 67Н үй, Орал қаласының білім беру бөлімінің «№ 53 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Жайық өзені арқылы өтетін көпірге апаратын жолдан Жәңгір хан көшесінің бойымен Ақжайық көшесіне дейін (жұп жағы), Ақжайық көшесінің бойымен «Зачаган» бағбандық бірлестігінің шығыс шекарасына дейін, «Зачаган» бағбандық бірлестігінің шығыс шекарасымен Жайық өзені арқылы өтетін көпірге апаратын жолға дейін, Жайық өзенінің көпіріне апаратын жолдың бойымен Жәңгір хан көшесіне дейін.

 

  1. № 401 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Жезқазған көшесі, 1 үй, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Абай даңғылындағы 111, 113, 113/1, 115, 117, 117/1, Ярославская көшесіндегі 2/3, 10, 12 тұрғын үйлер.

 

  1. № 403 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Зачаган кентi, Жәңгірхан көшесі, 67Н үй, Орал қаласының білім беру бөлімінің «№ 53 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Сарыарқа көшесінен Жәңгір хан көшесі бойымен «Зачаган» баугерлік серіктестігінің батыс шекарасына дейін және одан әрі «Зачаган» баугерлік серіктестігінің солтүстік шекарасы бойымен «Зачаган» баугерлік серіктестігінің шығыс шекарасына дейін, «Зачаган» баугерлік серіктестігінің шығыс шекарасымен Сарыарқа көшесіне дейін, Сарыарқа көшесімен Жәңгір хан көшесіне дейін.

 

 

  1. № 522 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Бараева көшесі, 6 үй, «Орал ауыл шаруашылығы тәжірбие станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Шекарасы: Деркөл өзенінен бастап А.Бараев көшесі бойымен С.Лазо көшесіне дейін, А.Бараев көшесінен бастап С.Лазо көшесі бойымен Даль көшесіне дейін, Даль көшесімен Мектеп көшесіне дейін, Мектеп көшесі бойымен «Орал–Озинки» тас жолына дейін, «Орал–Озинки» тас жолы бойымен Маштаково ауылына баратын жолдың қиылысына дейін, Маштаково ауылына баратын жол бойымен Западная көшесіне дейін, Западная көшесімен А.Бараев көшесіне дейін (Заречная көшесіндегі тұрғын үйлерді қоспағанда).

 

 

 

 

Дата публикации
02 июля 2026
Дата обновления
02 июля 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға арналған сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдары мен ақпарат орналастыру қызметтерінің бағалары туралы ақпараттық хабарлама
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттырын кезектен тыс сайлауға кандидаттарға үгіт материалдары мен сайлау алдындағы ақпаратты орналастыру және өндіру бойынша қызметтер көрсетуге арналған бағалары туралы ХАБАРЛАМА Пульс
20 октября 2026
Орал қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары мен орналасқан жері туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы