Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Президентінің республикалық референдумды тағайындау туралы Жарлығы


2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы
2026 жылғы 11 ақпан
Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін.

2. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.

3. Осы Жарлық пен Конституцияның жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.

4. Республикалық референдумға дайындық пен оны өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 11 ақпан

№ 1170

https://www.akorda.kz/kz/2026-zhylgy-15-nauryzda-respublikalyk-referendum-otkizu-turaly-1113356 

Дата публикации
13 февраля 2026
Дата обновления
13 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға арналған сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдары мен ақпарат орналастыру қызметтерінің бағалары туралы ақпараттық хабарлама
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттырын кезектен тыс сайлауға кандидаттарға үгіт материалдары мен сайлау алдындағы ақпаратты орналастыру және өндіру бойынша қызметтер көрсетуге арналған бағалары туралы ХАБАРЛАМА Пульс
20 октября 2026
Орал қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары мен орналасқан жері туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы