Меню

Страницы

Статья

Білім


2024-2025 жылының аяғында қала бойынша  53 күндізгі  жалпы  орта білім беретін мектептер  және 1-кешкі ауысымды мектеп бар. Оның ішінде 27 қазақ тілді мектептер, 26 аралас қазақ және орыс тілді мектептер.

 Сонымен қатар 5 гимназия (№34, №42, №44, ВБМГ, ЭБМГ)  және 5 лицей (№27,№28,№35,№38,№41) өз жұмысын жалғастырып келеді.

2024-2025 оқу жылының мамыр айында қала мектептеріндегі оқушылар саны  1-11 сынып аралығында 62113 (оның ішінде кешкі мектепте 127),   оқушыны құрады. 

Мектепалды даярлақ сыныптарында 3801 бала тәрбиеленеді.

Түзету сыныптарында (№13, 19 мектептерінде)  184 оқушы білім алады.     

          2024-2025 оқу жылын 11 сыныпты 2723 (кешкі мектпте 73 түлек) түлек аяқтағалы тұр. Оның ішінде

  • 76 Алтын белгі белгісіне үміткерлер (қазақ сыныбынан – 51; орыс - 25), былтырғы жылмен салыстырғанда 37 оқушыға көбейді.
  • 112 үздік аттестатқа үміткерлер. (61 қазақ сыныбынан, 51 орыс сыныбынан) 2023-2024 оқу жылында 101 түлек болды.

 

9 сыныпты  5352 (18 кешекі мектептен)  оқушы аяқтайтын болады, үздік аттестатқа үміткерлер саны 286 (қазақ сыныбынан – 199; орыс – 87). Былтырғы жылмен салыстырғанда 59 оқушыға көбейген.

 

«Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 10 шiлдедегi № 174 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 24.04.2025 жылғы №82 бұйрығы негізінде емтихан күндері бекітілді:

9 сынып  оқушылары үшін емтихандар 29 мамыр – 10 маусым аралығында өткізіледі.

11 сынып оқушылары үшін 30 мамыр – 16 маусым аралығында өткізіледі.

 

2024-2025 оқу жылында  ББЖМ (МОДО) мақсатты мектептерде өткізілді: №2, 13, 18, 19, 22, 24, 39, 40, 43, 47, 48.

 

Негізі ПИЗА халықаралық зерттеуі – №5, 7, 20, 23, 34, 38, 43, 44, 45, 46 мектептерінде өткізілді

 

Мектептегі ПИЗА 2024 - №1, 6, 28, 33, 34, 36, ЭБМГ мектептерінде өткізілді.

 

Биылғы оқу жылында жалпы білім беретін пәндерден олимпиадаға облыс  қомандасы құрамында Орал қаласы мектептерінен Республикалық кезеңге 5-6, 9-11 сыныптар бойынша 17 оқушы қатысып, оның 10-ы жүлделі орындарды, 2 оқушы алғыс хатқа ие болып, қатысушының 70% жүлдегер атанып отыр.

 

Педагогтердің де жетістіктері мол. Ең үлкен нәтиже өңіріміз үшін де мәртебелі нагдара Эльмара Асқарқызы Траисованың «Еңбек ері» наградасына ие болуы. №44 мектептің мұғалімі, робототехника саласы бойынша шәкріттеріме жақсы  нәтижелері көсетіп жүрген Айбек Кинешев республиканың «Үздік педагогы» атанды. №35 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Александр Георгиевич  Мясников «Ұстаз – ұлт айнасы»  төсбелгімен марапатталды.

 

 

 

Мектеп құрылысы.

Оқушылар санының көбеюі әсіресе халықтың көп шоғырланған аудандарында байқалады. Қазіргі таңда оқушы саны мектептің жобалық қуаттылығынан артып отырған мектептер бар. Бұл мектептерде кабинет жетіспеушілігі,  орын тапшылығы байқалады.

Биыл Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен №31 жалпы орта білім беретін мектепке 400 орындық жаңа ғимарат пайдалануға берілсе, Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған «Жайлы мектеп» жобасы аясында 1500 орындық №51 мектеп және №52 мектеп ашылды.  Білім ұйымдарының көбеюі үш ауысымда оқыту процесін азайтуға, оқушылардың заманауи мектепте білім алып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге оң ықпалын тигізбек.

Сонымен қатар Әлеуметтік инвестициялық жоба аясында №9, 17 орта мектеп және Д.Нұрпейісова атындағы Балалар музыка мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңартылған нысандар 2025 жылдың алғашқы айларында қолданысқа берілді.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы аясында мектептердің материалдық базасын жаңарту, білім беру сапасын арттыру мақсатында модификациялық құрал-жабдықтардың алынуына басымдық беріліп келеді. Биыл 52 пәндік кабинет жаңартылды. Соның ішінде жаратылыстану-математика бағытындағы кабинеттер мен технология, робототехника кабинеттері заманауи үлгіде жабдықталып, интерактивті тақта, ақпараттық киоск алынды.

  №1, 5, 7, 24, 41 мектептерінің аумақтарындағы спорт алаңдары жаңартылды.

Сонымен қатар білім ұйымдарында медиация кабинеті, коворкинг, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары,  Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №10  орта мектеп базасында  инклюзияны қолдау кабинеті ашылды.

 

2024 жылдың қараша айынан бастап Орал қаласы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою мен орналастыру "Дербестендірілген қаржыландыру" жүйесі арқылы іске асады. Бүл жүйенің өзгешелігі  - күні мен уақыты және жеңілдіктер бойынша қойылған кезек автоматты түрде жүріп отырады. Кезегі келген уақытта ата-ана жариялаған бос орны бар балабақшаға  тіркеле алады. Сонымен қатар, баланы бір балабақшадан екінші балабақшаға ауыстыру мүмкіндігі қосылды (бұрын ауысу мүмкіндігі қарастырылмады) Ваучерлік қаржыландыру жүйесіне көшу нәтижесінде Орал қаласында 188 балабақша (мемлекеттік және жеке) мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруда. Бұл жаңашыл тәсіл бюджеттік қаржыны тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.

 

Нақты айтқанда, ваучерлік жүйеге ауысу арқылы 200 миллион теңгеден астам қаржы үнемделді. Бұл-ата-аналар үшін балабақша таңдау еркіндігін арттырып, сапалы қызмет көрсетуге ынталандыратын маңызды реформа нәтижесі.

 

_______

 

2025 жылы тәрбие мен қосымша білім беру саласында ауқымды жұмыстар атқарды. Бұл шаралар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, оқушылардың адамгершілік, жауапкершілік және азаматтық құндылықтарын дамытуға басымдық берілді.

 

Бағдарлама аясында Орал қаласының білім беру ұйымдарында «Қамқор», «Шабыт», «Смарт бала», «Еңбегі адал – жас өрен», «Ұшқыр ой алаңы», «Балалар кітапханасы» сынды жобалар жүзеге асырылды. Бұл жобалар оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Орал қаласының білім беру ұйымдарында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

2024-2025 оқу жылында әскери-патриоттық бағыттағы клубтардың саны 45 пайызға артты. Қазіргі таңда қала мектептерінің базасында келесі клубтар табысты жұмыс жасауда. Клубтарға қатысатын оқушылар саны жылдан-жылға артып келеді. Олардың қатысуымен қалалық және облыстық деңгейдегі байқаулар, жиын-семинарлар, саптық жаттығулар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сондықтан клубтардың қатарын көбейту басты назарда болады.

- «Жас сарбаз» клубы  үш  жыл бұрын №5, 12, 47 мектептерде  ашылған болатын, биылғы оқу жылында №7, 37, 42 мектептерде жұмысын бастады.

- «Кадет сыныбы» биыл екі  мектепте ашылды (№3, 46)

- «Жас құтқарушы» клубы қазіргі уақытта 10 мектепте бар, келесі жылға барлық мектептерде ұйымдастыру жоспарға қойылды.

- «Жас құтқарушы» кадет сыныбы биыл  №40 мектепте ашылды. 

- «Жол қозғалысының жас инспекторлары» клубы – биыл тек 4 мектепте жұмыс жасады, келесі оқу жылында барлық мектепте ұйымдастыру көзделіп отыр.

 

____________

 

 Қосымша білім беру және жазғы демалысты ұйымдастыру

 

Қалада 6 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді, оларда 16 мыңға жуық оқушы түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысады. Жазғы демалыс кезеңінде балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Балаленд» және «Атамекен» жазғы лагерьлері, сондай-ақ мектеп жанындағы лагерьлер ұйымдастырылады.

 

Дата публикации
18 июля 2022
Дата обновления
16 сентября 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Орал қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық сайлау округтерінің тізімі, шекаралары мен орналасқан жерлері
15 октября 2026
Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы ХАБАРЛАМА
15 октября 2026
Орал қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы