Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы

Облыс әкімдігі мен қала әкімдігі арасындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша Меморандумға сәйкес, 2021 жылғы ауылшаруашылығы дақылдарының барлық егіс алқабы жоспар бойынша 16840 га.

2021 жылы барлық ауылшаруашылығы дақылдарының көлемі 19861 гектарды құрады.

Ауыл шаруашлығы құрылымдарымен:

7150 га дәнді-дақылдар (соның ішінде жаздық бидай 3154 га, арпа 3440 га, тары 302 га, сұлы 243 га, ноқат 11 га.),

1796 га майлы дақылдар,

280 га мал азықтық дақылдар (өткен жылғы көпжылдық мал азықтық дақылдар 8427 га),

2208 га картоп, көкөніс-бақша дақылдары егілді.

Сондай-ақ, 2022 жылдың өніміне 2009 га күздік дақылдар себілді, оның ішінде 582 га күздік бидай, 1427 га күздік қара бидай себілді.

Күзгі-далалық жұмыстардың қорытындысы бойынша 10595 га дәнді дақылдар жиналып, 6,4 ц/га орташа өнімділікпен 6818,5 тонна өнім, 1281 га картоп 135,1 ц/га орташа өнімділікпен 17308,9 тонна өнім, 801,9 га көкөніс дақылдарынан 167 ц/га орташа өнімділікпен 13393,9 тонна, 124,7 га бақша дақылдарынан 112,6 ц/га орташа өнімділікпен 1382 тонна өнім жиналды.

Сондай-ақ, 1796 га майлы дақылдардан 4,5 ц/га орташа өнімділікпен 808,2 тонна өнім жиналды.

Ауылшаруашылығы тауарөндірушілеріне көктемгі-күзгі далалық жұмыстарға 1030 тонна жанар-жағар май бөлініп, «Бином» ЖШС оператор болып белгіленді.

Агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялау Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде ҚР АШМ тиісті бекітілген ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

2021 жылғы күні бүгінге мал шаруашылығын субсидиялау бойынша жалпы соммасы барлығы 207,6 млн.тенге бөлінді. Соның ішінде:

- мал шаруашылығы өнімі бойынша «Орал құс фабрикасы» ЖШС-не 90,1 млн. дана жұмыртқаға жалпы соммасы 198,2 млн. теңге;

- асыл тұқымды мал шаруашылығына 9,4 млн. теңге субсидия төленді.

2021 жылы инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша барлығы 69,9 млн тг көлемінде субсидия бөлінді.

Орал қаласында тұрғындарды маусымаралық уақытта жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында 9 шаруа қожалықтарының жылыжай кешені жұмыс жасайды. Күні бүгінге жылыжайлардың жалпы аумағы 147800 шаршы метрді құрап отыр.

Орал қаласы бойынша пайдаланылмай немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы қайтарылған жерлер көлемі 969 га құрады (оның ішінде 2021 жылы қайтарылғаны 472 га). 

Бұған қоса, 2021 жылы Орал қаласының Серябряково және Круглоозерное ауылы аумағынан жалпы көлемі – 468,5 га  («Аграрлық қызметі» ЖШС-190,5 га, «Адия Агро» ЖШС-278 га) шабындық жер мемлекет мұқтажы үшін қайтарылды.

2021 жылдан бастап жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдану және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесін (ИСЖ) пайдалану арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланылуын мониторингтеу Qoldau.kz веб-портал арқылы жүргізіліп, жерді мақсатты пайдаланбай отырған 27 жер иеленушілерге  заң бұзушылықты жою туралы хабарлама берілді.  

Бөліммен 2021 жылы техника саласы бойынша – 1131  мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:

- Техникаларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және есептен шығару. (Техникалық құжат және мемлекеттік тіркеу нөмірлерін беру) - 785;

- Тракторист-машинист куәлігін беру (ауыстыру) - 136;

- Техникаларды техникалық байқаудан өткізу - 122;

- Машиналардың кепілін тіркеу және кепілін тіркеу туралы куәлік беру - 88.

Қала бойынша 3336 бірлік техника тіркелген. Ағымдағы жылдың 1-15 наурыз аралығында кенттік округтерде бекіліген тізімге сәйкес, техникалық байқаудан өткізу жұмыстары жүргізілді. Қала бойынша бұл қызмет жыл бойына жүргізіледі. 453 бірлік техникалық байқаудан өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша күні бүгінге мерзімі асқан қызметтер жоқ.

Ауыл шаруашылық техника және техникалық құрылғыларды жақсарту және жаңарту мақсатында «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы қала бойынша лизингке 6 ауыл шаруашылық техника және техникалық құрылғылары алынды (48,1 млн.тг).

Шаруа қожалықтарына өз өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсынуға жағдай жасау мақсатында ауылшаруашылығы тауарлары өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілуде. Аталған жәрмеңкеге 120-ға жуық облыс аудандарының, сондай-ақ қала маңының ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері, қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін саттыққа шығарып қатысты. Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге сауда орындары тегін берілді.

Барлық өткізілген 52 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша (оның ішінде 3 рет 25 Чапаевшылар дивизиясы көшесінде, 29 рет Ықсанов көшесі бойында, 14 рет «Жәңгір хан» сауда үйі алдында, 6 рет «Ел-Ырысы» базарында) 249 тонна ет, 27 тонна балық, 1162 тонна көкөніс-бақша өнімдері, 48 тонна сүт өнімдері, 79 тонна шұжық өнімдері, 26 тонна  макарон өнімдері, 10 тонна кондитерлік өнімдер, 1036,8 мың дана жұмыртқа сатылды.

Дата публикации
31 января 2022
Дата обновления
31 января 2022
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға арналған сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдары мен ақпарат орналастыру қызметтерінің бағалары туралы ақпараттық хабарлама
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттырын кезектен тыс сайлауға кандидаттарға үгіт материалдары мен сайлау алдындағы ақпаратты орналастыру және өндіру бойынша қызметтер көрсетуге арналған бағалары туралы ХАБАРЛАМА Пульс
20 октября 2026
Орал қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары мен орналасқан жері туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы