Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған Орал қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауға қатысатын кандидаттар үшін «Мой город» газетінде, сайтында және әлеуметтік желілерінде ақпарат жариялау үшін «Медиастарт 2012» ЖШС ұсынатын жалпы шарттар.

 

Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру осы Ақпараттық хабарламада және Шарт талаптарында айқындалған құнға сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Медиастарт 2012» ЖШС интернет-алаңды жазбаша өтінішке және желілік басылымның меншік иесі мен Кандидат арасында немесе Кандидаттың уәкілетті өкілі арасында жасалатын шартқа сәйкес ұсынады.

 

Үгіт материалдарының саны мен орналастыру кезеңі Кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, соңынан шартта тіркеледі.

 

Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру осы Ақпараттық хабарламада және Шарт талаптарында айқындалған құнға сәйкес жүзеге асырылады. «Медиастарт 2012» ЖШС Кандидаттың немесе сенім білдірілген/уәкілетті тұлғаның қолы қойылған жазбаша өтінішіне (түпнұсқа) сәйкес Кандидаттарға сайттан, әлеуметтік желілердегі редакциялық пабликтерден интернет алаңды шарттық негізде ұсынады.

 

Өтінішке келесі құжаттар қоса берілуі тиіс:

  1. кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі
  2. сенім білдірілген /уәкілетті тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі
  3. тиісті аумақтық сайлау комиссиясының кандидатты тіркеу туралы хаттамасының көшірмесі
  4. сенім білдірілген /уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі

 

Қажет болған жағдайда, «Медиастарт 2012» ЖШС салыстыру үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын сұрата алады.

 

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру кезегі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретіне қарай, ал өтініштер бір мезгілде келіп түскен болса, жеребе бойынша белгіленеді.  Кандидаттардың жазбаша өтініштеріндегі деректерге (күні, уақыты және т.б.) сүйеніп, редакция сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру кестесін белгілейді.

 

Орналастырылатын сайлау алдындағы үгіт материалдарына «Сайлау-2024» белгісі басылады (бұл белгі жарияланатын материалдың кеңістігінде болуы тиіс). Сайлау алдындағы үгітке қатысты барлық жарияланымдарда қаржыландыру көзі туралы ақпарат көрсетіледі.

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру 2024 жылғы 13 қарашада жергілікті уақытпен сағат 18.00-де басталады және 2024 жылғы 07 желтоқсанда жергілікті уақытпен нөл сағатта аяқталады.

 

Дайын материалдарды Редакцияға кандидаттардың өкілдері тараптардың қолдары қойылған «Медиа-жоспар» кестесіне сәйкес Сайт пен Газеттің және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынады.

 

Үгіт материалдары қолданыстағы жарнама алаңдардың аясында орналастырылуы мүмкін.

 

 

Төлем жасаудың 2 нұсқасы белгіленеді:

  1. Сайлау алдындағы үгіт материалдарын жариялау үшін 100 пайыз алдын ала төлем жасау шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) банк күні ішінде шот бойынша жүргізіледі.
  2. Жарияланған сайлау алдындағы үгіт материалдары үшін соңғы төлем жасау Тараптар шот бойынша Орындалған жұмыстар актісіне қол қойған сәттен бастап 3 (үш) банк күні ішінде жүргізіледі.

 

Үгіт материалдарының мазмұны үшін оларды ұсынған кандидаттар ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес дербес жауапты болады.

 

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған жағдайда Редакция бұзушылықтар жойылғанға дейін материалдарды жариялауды тоқтата тұруға құқылы.

 

Егер мазмұнында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдарды құру идеялары, басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болса, Редакция үгіт материалдарын шығарудан бас тартуға құқылы.

 

Кандидаттардан немесе олардың уәкілетті өкілдерінен үгіт материалдары жазбаша түрде 2024 жылғы 14 қарашадан бастап жұмыс күндері (дс-жм) сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен) Орал қ., Д.Нұрпейісова көшесі, 12/1, 102-кеңсе мекенжайында, сондай-ақ mg_500678@mail.ru электрондық поштаға қабылданады.

 

Материалдарды Редакцияға кандидаттардың өкілдері Редакцияның және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жариялардан 3 (үш) сағат бұрын дайын күйінде ұсынады.

 

Үгіт материалының көлемі 2500 таңбадан (бос орындарды қосқанда), 5 (бес) суреттен, 1 (бір) бейнежазбадан аспауы тиіс. Материалдар қайталанбайды, яғни сайтта жария етілген материал газетте немесе редакцияның әлеуметтік желідегі пабликтерінде басып шығарылмайды.

 

Кандидаттар өздерінің сұрақтарымен сату бөлімінің басшысы Рукавишникова Еленаға жүгіне алады (+7 777 478 000 4)

 

 

 

Дата публикации
29 октября 2024
Дата обновления
29 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға арналған сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдары мен ақпарат орналастыру қызметтерінің бағалары туралы ақпараттық хабарлама
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттырын кезектен тыс сайлауға кандидаттарға үгіт материалдары мен сайлау алдындағы ақпаратты орналастыру және өндіру бойынша қызметтер көрсетуге арналған бағалары туралы ХАБАРЛАМА Пульс
20 октября 2026
Орал қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары мен орналасқан жері туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы