Меню

Страницы

Статья

Ақпарат

Орал қаласы аумағында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында қала аумағынан қар шығару және арықтарды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қыс мезгілі мезгілі басталғаннан кейін шығарылған қардың көлемі – 68 578 м3. Су тасқыны кезеңі басталғаннан кейін Орал қаласы бойынша 6670 м3 қар суы сорылды.
Қала аумағындағы су басу қаупі бар 25 мекен-жайларға құм толтырылған қапшықтар дайындалып қойылуда. Жалпы көктемгі су тасқыны кезеңіне дейін 18 мың осындай қапшықтар қоры дайындалды.
Су тасқынының алдын алу жұмыстарына жұмылдыру үшін 1163 жеке құрам, 477 техника, 28 су соратын мотопомпа, 18 000 мың қапшық, 15 мың тонна инертті материалдар қоры әзірленді.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда тұрғындарды эвакуациялау үшін қала бойынша 27 құрама-эвакуациялық пункт анықталды. Сонымен қатар су басу қаупі төнген жағдайда халықты орналастыру үшін 3 мәдениет үйі («Деркөл» м/ү, «Жастар» м/ү, «Алтын Орда» м/ү) және 1 спорт кешені («Орал» спорт клубы) белгіленді және зардап шеккендерді уақытша орналастыру үшін облыс орталығының 6 қонақ («Саяхат», «Виктория», «Пушкин», «Айдана», «Орал», «Фазенда») үй кешендерімен ниет-шарттар жасалды.
Сонымен қатар, төтенше жағдай орын алған жағдайда зардап шеккен тұрғындарды ыстық тамақ, таза ауыз су, бірінші кезектегі керекті тұрмыстық керекті заттармен қамтамасыз ету мақсатында қаламыздағы ірі кәсіпкерлік ұйымдармен ниет-шарттар жасалды.
Қазіргі уақытта оларға көктемгі кезеңде саяжай аумағында су тасқыны қаупі бар екендігі және мұндай жағдай туындаған кезде қандай іс-шараларды орындау керектігі туралы хабарламалар таратылуда.
Қала тұрғындары су басу қаупі туындаған кезде 24-01-94, 24-05-70,+7 771 131 91 61(WhatsApp) нөмірлері арқылы қалалық штабына хабарласа алады.

 

Дата публикации
13 марта 2024
Дата обновления
13 марта 2024
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға арналған сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдары мен ақпарат орналастыру қызметтерінің бағалары туралы ақпараттық хабарлама
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттырын кезектен тыс сайлауға кандидаттарға үгіт материалдары мен сайлау алдындағы ақпаратты орналастыру және өндіру бойынша қызметтер көрсетуге арналған бағалары туралы ХАБАРЛАМА Пульс
20 октября 2026
Орал қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары мен орналасқан жері туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы