2021 жылдың 10 қаңтарына жарияланған барлық деңгейлер мәслихаттар және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың сайлау үшін үгіт материалдарын және сайлау алдындағы ақпараттары Облыстық «Пульс» газетінде орналастыру және үгіт материалдарын өндіру бағалары

    1. Саяси партиялардың және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіт-имидждік материалдарын «Пульс» газетінде жариялау:

    - түсті парақта шаршы сантиметр үшін 100 теңге, ал тұрақтыда - 70 теңге.

    Қосымша тиражға тапсырыс беру кезінде газеттің бір данасының құны 35 теңгені құрайды.

     

    1. Үміткердің сайлауалды бағдарлама мен өмірбаян жазу - 30000 теңге;
    2. Үміткердің фотосессиясы (фотосуреттер санына, келу санына байланысты) 5000 - 15000 теңге.
    3. Қалалық және облыстық мәслихат депутаттары үшін кепілдендірілген екі тілде өмірбаяны, бағдарламалары мен фотосуреттерін газетке жариялау - 540 шаршы сантиметр;

     

    1. Бес минуттық бейнежазбалар түсіру - 15 мың теңге.

     

    1. Үгіт материалдарын шығару:

    50 данадан плакаттарды басып шығару: А3 жылтыр қағазға - 150 теңге;

                                                                         A4 - 100 теңге;

     

    Екі жақты буклеттер А4 -150 теңге;

                                              А5 (парақшалар, ашық хаттар) - 75 теңге;

                                              А6 (күнтізбелер) - 35 теңге;

    1. Күнтізбелер, футболкалар, жалаушалар жасау, сувенирлік бұйымдарға логотиптер салу - келісімге сәйкес.

    Үгіт материалдарын орналастыру және дайындау Үміткермен ынтымақтастық туралы келісім-шарт негізінде, күні, көлемі мен мерзімдері көрсетілген жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады.

    Хатқа көшірмелері:

    - үміткердің жеке басын куәландыратын құжат,

    - кандидат ретінде тіркелгенін растайтын құжат,

    - сенім білдірілген адамдар үшін - кандидаттан адамның өкілеттіктерін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат.

    Төлем келісім-шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шот-фактура бойынша 100% аванстық төлем түрінде жүзеге асырылады.

    «Пульс» газетінің редакциясы конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және кландық араздықты қоздыру, қатыгездік культі мен зорлық-зомбылық, сондай-ақ заңда көзделмеген әскерилер құру жәйлі баспа кеңістігін ұсынудан және үгіт материалдарын шығарудан бас тартады.

    «Пульс» газетінің редакциясы, егер материалда басқа Үміткерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтер болса, үгіт материалдарын жариялаудан және дайындаудан бас тартуға құқылы. Осы материал ұсынылған кандидат редакциялық комиссияның талабы бойынша үгіт материалдарында көрсетілген сипаттағы мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

     Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін жеке жауапкершілікте болады.

    Осы хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті келісімнің талаптары бұзылған жағдайда үгіт материалдарын жариялау және дайындау жүзеге асырылмайды немесе бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылады.

    Осы хабарламада көрсетілген қызметтерді көрсету шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

    Қосымша ақпарат алу үшін келесі номерлерге хабарласу болады:
     8 701-172-37-35, 8-747-991-35-91.

Расценки на оказание услуг по размещению агитационных материалов и предвыборной информации кандидатов в депутаты маслихатов всех уровней и Мажилиса Парламента РК по выборам, объявленным на 10 января 2021г, в областной газете «Пульс» и изготовлению агитационных материалов
Дата публикации
04 декабря 2020