Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын республикалық деңгейде біріздендіру мақсатында Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-3 «Орал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту, оның мөлшерлерін белгілеу және санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімнің жобасы әзірленді.
Аталған нормативтік құқықтық актінің жобасы қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылды.
Барлық мүдделі тұлғаларды жобаға қатысты талқылауға қатысуға шақырамыз.