Азаматтардың назарына!
«Электрондық үкімет» порталының «Ашық үкімет» – «Ашық НҚА» бөлімінде Орал қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 2303 қаулысына «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін белгілеу туралы» өзгерістер енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық актінің жобасы қоғамдық талқылауға шығарылғанын хабарлаймыз.
Қоғамдық талқылау 2026 жылғы 13 қаңтардан 28 қаңтарға дейін өтеді.
Барлық мүдделі азаматтар нормативтік құқықтық акті жобасының талқылауына қатыса алады.