«Қоғамдық кеңестің ұсынымын негізге ала отырып, Орал қаласы әкімдігі мен облыстық мәслихат бірлескен шешіміне екінші топ мүгедектерін қоғамдық көлікте тегін жол жүру құқығы бар азаматтар тізіміне енгізсін» жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ


«Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі - жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңның 11- бабына сәйкес, жолаушыларды тасымалдау кезінде тасымалдаушы мүгедектерге жолаушылар тасымалының, тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, оларға тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде қолайлы және қажетті жағдайлар жасауға міндетті.

Жобаны қабылдаған жағдайда болатын болжамды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық зардаптары - жобаны қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық зардаптарға әкеліп соқтырмайды.

Жобаны іске асырумен байланысты ұсынылатын қаржылық шығындар - жоба бойынша қаржы шығындары талап етілмейді..

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі - Қолданыстағы бірлескен қаулы мен шешімге (Орал қаласы әкімдігі мен облыстық мәслихат) келесі толықтырулар енгізу ұсынылады:

2-топтағы мүгедектерге – тегін ақы.

Қажет болса, бұл топтың ішіндегі менталды бұзылыстары бар азаматтарға – толықтай тегін жол жүру құқығы ұсынылуы мүмкін

Сонымен қатар, Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарға да 50%-ға дейін жеңілдік қарастыру

Нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын мәліметтер - жоқ.

Статистикалық негіздеме

Орал қаласында барлығы 13 686 мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде:

1-топтағы мүгедектер – 2 021 адам

2-топтағы мүгедектер – 5 237 адам, оның ішінде:

  • 2257 адам – бала кезінен мүгедектігі бар, 18 жастан асқан, менталды бұзылыстары бар азаматтар

3-топтағы мүгедектер – 4 425 адам

Мүгедек балалар – 2 003 адам

Бүгінгі күні тек 1-топтағы азаматтарға ғана қалаішілік қоғамдық көлікте тегін жол жүру құқығы берілген.

Жалпы мәлімет үшін.

«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңның 11- бабына сәйкес, жолаушыларды тасымалдау кезінде тасымалдаушы мүгедектерге жолаушылар тасымалының, тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, оларға тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде қолайлы және қажетті жағдайлар жасауға міндетті.

Орал қаласы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы:

  1. Қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру Орал қаласының келесі санаттағы жолаушыларына белгіленсін:

1) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

2) 1988-1989 жылдары Чернобыль AЭC-сындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күнiнде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға;

          3) бірінші топ мүгедектігі бар адамдарға;

          4) 7 (жеті) жасқа дейінгі балалар;

          5) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар.

  1. Қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тариф құнының 50 (елу) пайызы көлемінде жеңілдетілген Орал қаласының келесі санаттағы жолаушыларына белгіленсін:

1) Мектеп тарифі – 7 (жеті) жастан 18 (он сегіз) жасқа дейінгі балалар тарифтің 50 (елу) пайызы мөлшерінде жол жүру құқығы немесе қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 50 (елу) теңге, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңге;

          2) Мүгедектігі бар адамдарды ертіп жүргендерге– тарифтің 50 (елу) пайызы немесе қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 50 (елу) теңгені, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңгемен жол жүру құқығына ие болу;

          3) зейнеткерлер үшін – қолма-қол ақшасыз төлем кезінде тарифтің 50 (елу) пайызы немесе 50 (елу) теңге мөлшерінде жол жүру құқығы, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңге;

          4) Есту қабілеті нашар мүгедектігі бар адамдар үшін – қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 50 (елу) пайызы немесе 50 (елу) теңге, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңге:

Қаламызда жаңадан салынған автобус аялдамалары және алдағы салынатын аялдамалара мүмкіндігі шектеулі мүгедек арбасына танылған азаматтар үшін арнайы пандус салынған. Сонымен қатар, қаламызда күнделікті желіге 270 бірлік техника қызмет көрсетсе, 2021 – 2024 жыл аралығында 140-тан астам бірлік жаңа автобус сатып алынды, сатып алынған автобустарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы пандус құрылғысы және аялдама жиегіне автобус тоқтаған кезде көтеріліп түсірілетін пневматикалық көтергіш орнатылған.  

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15543544

Дата публикации
06 августа 2025