«Орал қаласы бойынша 2025 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы» жобасына түсіндірме жазба

«Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі - жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі «Ішкі су көлігі туралы» Заңының 51-1 бабын іске асыру және қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру. Жобаны қабылдаған жағдайда болатын болжамды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық зардаптары жобаны қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық зардаптарға әкеліп соқтырмайды.

Жобаны іске асырумен байланысты ұсынылатын қаржылық шығындар - жобаны қабылдау тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға қалалық бюджеттен шығындар талап етеді, жылына 32 000 мың теңгені құрайды.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі - тарифтердің қолжетімді деңгейін және қаланың саяжай және қала маңы маршруттары бойынша халықтың еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету.

Нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын мәліметтер, осы жобаны іске асыруға жергілікті атқарушы органның бюджетінен 32 000 мың теңге сомасында субсидия бөлінді. Бұл сома шығындарды азайту және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің табысын ұлғайту.

2024 жылғы жолаушылар ағыны бойынша мәлімет:

- Орал өзен жағалауы – «Учужный затон» бау-бақша серіктестігі- 13 743 адам;

- Орал өзен жағалауы – «Барбастау» бау-бақша серіктестігі - 632 адам;

Орал қаласы бойынша 2024 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттардың ұзақтығы:

- Орал өзен жағалауынан «Учужный затон» бау-бақша серіктестігіне дейін - 3 км;

- Орал өзен жағалауынан «Барбастау» бау-бақша серіктестігіне дейін - 25 км.

Дата публикации
02 июля 2025