Орал қалалық мәслихатының
2024 жылғы 23 желтоқсандағы
№18-6 «2025-2027 жылдарға
арналған қалалық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Орал қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға арналған бюджет мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 55 720 954 мың теңге:
салықтық түсімдер – 40 445 630 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 335 765 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 120 766 мың теңге;
трансферттер түсімі – 7 818 793 мың теңге;
2) шығындар – 65 560 806 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 433 944 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 433 944 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 9 405 908 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 9 405 908 мың теңге:
қарыздар түсімі – 16 124 162 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 6 718 911 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 657 мың теңге.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. 2025 жылға арналған қалалық бюджетте кенттер, селолық округ бюджеттеріне республикалық, облыстық және қалалық бюджеттер қаражат есебінен бөлінетін ағымдағы нысаналы және даму трансферттердің жалпы сомасы 1 602 836 мың теңге көлемінде қарастырылғаны ескерілсін. Аталған сомаларды кенттер, селолық округ бюджеттеріне бөлу Орал қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. 2025 жылға арналған жергілікті атқарушы органдарының резерві
4 204 784 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
|
|
|
Мәслихат төрағасы