2020 жылғы 11 қарашада сағ.11.00-де Орал қаласы Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 3-қабат, үлкен конференц-залда орман қоры жері санатынан орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы: «Перевалочный тоғайы аумағы арқылы Пугачев көшесінен ескі Орал көпіріне дейін жол салу, қаланың Бас жоспарына сәйкес Перевалочный тоғайы аумағында саябақ аумағын дамыту, (аттракционы бар тематикалық парк, спорт аймағы, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жолдар, Орал өзені старицасының жағалауы)» бойынша қоғамдық тыңдау өткізу жоспарланып отыр.
Ескерту мен ұсыныстарды «Орал қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ-нің zemelni.otdel@bko.gov.kz электрондық мекенжайына жолдауға болады, байланыс телефоны 50-39-82.