Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №7-2 «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Орал қалалық мәслихатының

2023 жылғы 22 желтоқсандағы

№7-2 «2024-2026 жылдарға

арналған қалалық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Орал қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №7-2 «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

          1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға арналған бюджет мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 62 708 545 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 36 075 116 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 547 783 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 181 523 мың теңге;

         трансферттер түсімі – 16 904 123 мың теңге;

         2) шығындар – 73 260 910 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – -343 361 мың теңге:

         бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 343 361 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – -10 209 004 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 10 209 004 мың теңге:

         қарыздар түсімі – 16 792 786 мың теңге;

         қарыздарды өтеу – 8 439 498 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 855 716 мың теңге.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. 2024 жылға арналған қалалық бюджетте жоғары тұрған бюджеттерден бөлінетін нысаналы трансферттердің қарастырылғаны ескерілсін:

республикалық бюджеттен жалпы сомасы 2 054 579 мың теңге:

«Spina bifida» диагнозы бар мүгедектігі бар адамдарды бір реттік қолданылатын майланған катетерлермен қамтамасыз етуге – 8 681 мың теңге;

мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 270 939 мың теңге;

санаторийлық-курорттық емдеуге – 16 213 мың теңге;

мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға – 4 117 мың теңге;

халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 1 254 629 мың теңге;

коммуналдық шаруашылығын дамытуға – 500 000 мың теңге;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан жалпы сомасы 5 198 039 мың теңге:

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға – 4 149 993 мың теңге;

көлік инфрақұрылымын дамытуға – 1 048 046 мың теңге;

облыстық бюджеттен жалпы сомасы 9 636 480 мың теңге:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 333 572 мың теңге;

кепілдендірілген әлеуметтік пакетке – 80 934 мың теңге;

мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек – 116 668 мың теңге;

үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 114 898 мың теңге;

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 1 333 448 мың теңге;

белсенді ұзақ өмір сүру орталығына – 38 221 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға – 3 725 479 мың теңге;

сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға – 1 933 056 мың теңге;

көлік инфрақұрылымын дамытуға – 81 530 мың теңге;

коммуналдық шаруашылықты дамытуға – 760 574 мың теңге;

мемлекеттік органның күрделі шығыстарына -71 500 мың теңге;

 әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беруге - 240 000 мың теңге;

 автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге - 268 900 мың теңге;

халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 537 700 мың теңге;

бюджеттік кредиттердің жалпы сомасы 16 792 786 мың теңге:

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға және (немесе) салуға, реконструкциялауға – 15 630 498 мың теңге;

кредит беру тұрғын үй сатып алуға – 1 162 288 мың теңге.»;

 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. 2024 жылға арналған қалалық бюджетте кенттер, ауылдық округ бюджеттеріне республикалық, облыстық және қалалық бюджеттер қаражат есебінен бөлінетін ағымдағы нысаналы және даму трансферттердің жалпы сомасы 4 226 158 мың теңге көлемінде қарастырылғаны ескерілсін. Аталған сомаларды кенттер, ауылдық округ бюджеттеріне бөлу Орал қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»;

          10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. 2024 жылға арналған жергілікті атқарушы органдарының резерві 
4 953 184 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 августа 2024