Орал қаласының әкімдігі «Орал қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 1645 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Орал қаласының әкiмдiгiнiң «Орал қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 1645 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29555 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Орал қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Орал қаласы әкімінің міндетін атқарушы
|
|
Ж. Дуйсенгалиев
|