Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану тәртібін сақтайық

Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану тәртібін сақтайық

 

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) — бұл сіздің қолжазба қолтаңбаңыздың цифрлық баламасы. Белгілі бір цифрлық құжаттарға жеке ЭЦҚ-мен қол қою арқылы сіз іс-әрекеттеріңіздің заңдылығын растайсыз.

ЭЦҚ-ны Қазақстанда жеке, сондай-ақ заңды тұлғалар рәсімдейді. Жеке тұлғалар ЭЦҚ-ны мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алу, өздерінің зейнетақы аударымдарын немесе медициналық сақтандыруды қадағалау және т.б. үшін пайдаланады. Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ-ны басшы, сонымен қатар қажет болған жағдайда белгілі бір міндеттерді шешу үшін уәкілетті қызметкерлер де алады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) тұрақты түрдекөрсетілетін мемлекеттік қызметтерді берушілердің бірінші басшылардың ЭЦҚ пайдалану мәселесіне қатысты қашықтықтан мониторинг жүргізіледі.

Нәтижесінде мемлекеттік қызметтердің өтінімдерін орындау барысында қызмет көрсетушілердің бірінші басшыларының жұмыс орындарында уақытша болмауына қарамастан ЭЦҚ-ны қолданып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижесіне (электрондық құжаттарға) қол қоюдың фактілері анықталды.

Мәселен, а.ж. наурызда мемлекеттік мекеменің басшысы еңбек демалысында болған кезде бірінші басшының міндетін атқарған қызметкер оның ЭЦҚ-сы арқылы «Е-лицензиялау» АЖ-де сәулет-құрылыс тапсырмасына берілген өтінішке қол қойған.

Басшының міндетін атқарған маманының іс-әрекетінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 465-бабы 2-бөлігінде айқындалған әкімшілік құқықбұзушылық құрамы анықталып, Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ, Департаментпен аталған ақпарат Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жолданып, мекеме басшысы электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтін басқа тұлғаларға заңсыз беру фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Департаментпен аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізілетін болады.

 

Н.Нуралиева

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша

департаменті бас маманы

Дата публикации
26 июля 2024