2024 жылы 10 маусымда әкімдіктің үлкен залында Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Ғұбашевтың төрағалығымен әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Отырыста көппәтерлі тұрғын үйді басқару төрағаларымен «Балалар жарақаттануының алдын алу: көпқабатты үйлердің төбесіне балалардың өз еркімен шығуы және оны шешу жолдары» тақырыбында мәселе талқыланды. Сонымен қатар «Кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық-зомбылық, соның ішінде жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден қорғау бағытында атқарылған іс-шаралар» бойынша баяндамалар тыңдалды.
Жиналыста көтерілген мәселелер бойынша комиссия төрағасы құзырлы мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берді.