2024 жылдың 2 маусым күні Орал қаласы Деркөл кенті әкімінің сайлауы өтті.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармағы, 44 бабының 4 тармағы және 113-10 бабына сәйкес, Орал қаласы Деркөл кенті әкімінің сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы анықтады:
Деркөл сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 15121 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 1604 сайлаушы дауыс берген. Дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны – 3, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны – 52.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Н.А.Багискалиевқа - 216 (14,9 %);
Ж.Т.Жумагалиевқа - 1061 (73,1 %);
Т.М.Нугмановқа - 174 (12,0 %).
«Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер саны - 68.
Жарамсыз деп танылған бюллетеньдердың саны – 85.
Жумагалиев Жубан Турарулы, 1992 жылы туған, Орал қаласы Деркөл кенті әкімі, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Деркөл кентінде тұрады, өзін- өзі ұсынды, Деркөл кентінің әкімі болып сайланды.
Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы