Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«8) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасына) осы жағдай туындаған кезден бастап үш ай ішінде, табыстарын есепке алмай 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштің шекті мөлшерінде, бір рет;».
Лауазымы ТАӘ