Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 18 бұйрығымен бекітілген  «2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидалары» негізінде Орал қаласы әкімінің 2024 жылғы  15 мамырдағы №14 «Орал қаласы бойынша 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін зардап шеккен деп тану және мүліктік шығындарды алдын-ала бағалау мақсатында комиссия құру туралы» шешімімен  комиссия құрылды.

Аталған комиссия су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін зардап шеккен деп тану және мүліктік шығындарды алдын-ала бағалау үшін Орал қаласының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін комиссияның жұмысшы органы болып табылатын Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы,182/1 мекенжайында орналасқан «Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сіне   жолығу немесе  50-52-06, 51-10-61 телефон номерлері арқылы  аптаның дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-18.00 (13.00-14.30 түскі үзіліс) хабараласу керектігін хабарлаймыз.

 

Дата публикации
20 мая 2024