Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-5 - бабына сәйкес Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 10 мамыры күні Орал қаласының Деркөл кенті әкімі болуға келесі кандидаттарды тіркеді:
- Багискалиев Нурлан Амирович, 1978 жылы туған, "Орал қаласы Желаев ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін- өзі ұсынды;
- Жумагалиев Жубан Турарулы, 1992 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Деркөл кенті әкімі, Орал қаласы Деркөл кентінде тұрады, өзін- өзі ұсынды;
- Нугманов Турихан Мадениетович, 1994 жылы туған, "Орал қаласы Зачаган кенті әкімінің аппараты" ММ-нің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін- өзі ұсынды.
Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы